2.1. Партия қызметі еріктілік, тең құқықтылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді. Партия қолданыстағы заңнамамен белгіленген шектеулерді қоспағанда, ішкі құрылымын, мақсаттарын, қызметінің нысандары мен әдістерін еркін түрде анықтайды.
2.2. Бағдарлама мен осы Жарғыда көзделген мақсаттары мен міндеттерін іске асыру Партия қызметінің мәселелері болып табылады.