Партияның жоғарғы басшы органы – Партия съезі

Партияның жоғарғы басшы тұлғасы – Партия төрағасы

Партияның съездер арасындағы басшы органы – Партияның Саяси кеңесі

Партияның тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы – Партияның Саяси кеңесінің төралқасы.

Партияның атқарушы органдары:

– Партияның орталық аппараты.

– Партия филиалдарының, өкілдігінің аппараты;

– Партия бастауыш ұйымдарының бюросы

Орталық аппарат мына бөлімдерден тұрады:

1. Әлеуметтік-экономикалық орталық;

2. Аналитикалық орталық;

3. Ақпараттық орталық:

   1) Баспасөз бөлімі

   2) Әлеуметтік желілердегі маркетинг бөлімі

4. Жоғарғы партия мектебі.

Партияның жоғарғы бақылау органы – Орталық бақылау-тексеру комиссиясы.

Партияның өзінің құрылымдық бөлімшелері – филиалдары, өкілдіктері және бастауыш партия ұйымдары.

Партияның аймақтық бөлімшелері – тиісті филиалдар мен өкілдіктердің төрағалары басқаратын филиалдар мен өкілдіктер.

Партияның екі қанаты бар:

1. Әйелдер қанаты

2. Жастар қанаты