«Көкең» болмаса, тартып алады

«Көкең» болмаса, тартып алады

Қазір Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) хал-күйі қалай? Шынын айтсақ, тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бастап біз ШОБ-ті қолдау және дамыту туралы жағымыз талғанша айтып келеміз, бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Керісінше, ахуал бұрынғыдан да нашарлап барады. Жалаң сөз, құрғақ уәде Бизнесті дамытуға қатысты көптеген құжаттар қабылданып, жоспарлар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Шенеуніктер қайда барса да, кәсіпкерліктің жетістіктері туралы көпірме сөз айтудан жалықпайды. Барлық деңгейдегі әкімдіктер мен министрліктерде бизнесті дамыту жөніндегі басқармалар мен департаменттер құрылып, орасан зор квазимемлекеттік құрылымдар қалың ұйқыға батып, біздің еліміздегі «бизнестің өркендеу дәуірін» түсінде көріп жатыр. Елге пайдасы жоқ ондаған мың шенеунік кеңселерде қағаз «кеміріп» отыр. Шындығына келсек, парламент те халыққа пайдасы жоқ бизнесті дамытуға қатысты қандай да бір заңдар қабылдауда. Барлық осынау бағдарламалар, жоспарлар және құрылымдар үшін тәуелсіздік жылдарында бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлініп, табысты «игерілген». Ал бірақ «баяғы жартас – сол жартас». Нәтижесі – нөл. Мемлекет дамымаған соң, бизнес те құлашын кеңге жая алмады. Біздің биліктің одан әрі не істеу керегін, қалай істеуді, қай бағытқа қадам жасауды білмейтініне...
Read More
Қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді қолдауға байланысты

Қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді қолдауға байланысты

ЖСДП АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ Осы жылдың көктем айларында мыңдаған азамат өңір аумағында қызмет еткен қаржы ұйымдарының қызметі салдарынан зардап шекті. Жоғары пайыздық үстемемен төлемақы берумен айналысқан бірнеше қаржылық ұйым өз жұмыстарын ашықтан ашық жүргізіп, көптеген салымшыларды тартты. Жоғары пайыздық үстемені алу үшін көптеген салымшылар несие алып, үйлерін, көліктерін осындай қаржы ұйымдарына өткізді. Нәтижесінде ол ұйымдар полиция тарапымен жабылып, кейіннен бұл ұйымдар «қаржылық пирамида» құрумен айналысқандар боп шықты. Қаржылық пирамида ұйымдарының кейбір жетекшілері құрықталып, қылмыстық іс қозғалған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, салымшылар шамамен 5 млрд теңгеге зардап шеккен. «ЖСДП» Ақтөбе облыстық филиалы қаржылық пирамида ұйымдарының қызметін дер кезінде құрықтай алмаған жергілікті уәкілетті құқық қорғау органдарының қызметіне сыни көзқараста. Атқарушы билік өз азаматтарын алаяқтардың арбауынан сақтап қалу үшін дер кезінде тиімді шара қолдана алмады. Жергілікті билік тарапынан осы мәселені шешуге тапсырма берілгенімен, құқық қорғау органдарынан әлі де болса мардымды нәтижелер көрінер емес. Партия филиалы бір топ зардап шеккен азаматтармен өз жұмыстарын жүргізуде және олармен байланыста. Соған орай, «ЖСДП» партиясының жергілікті филиалы билік пен құқық қорғау...
Read More
ЖСДП ПАРТИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ЖСДП ПАРТИЯЛЫҚ МЕКТЕБІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы "Партиялық мектебіне" қабылдау жариялайды Партиялық мектеп әлеуметтік ғылымдарды білу және меңгеру, экономикалық, әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешу жолдарын тауып, елімізде және қоғамда болып жатқан процестерді жақсартуға көмектеседі. Кез келген адам мектеп тыңдаушысы бола алады. Ол үшін осы сілтемені басу арқылы сауалнаманы толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 15 қазанына дейін жүргізіледі. ЖСДП Партиялық мектебі  ...
Read More
Жайық тағдыры – халық тағдыры

Жайық тағдыры – халық тағдыры

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Атырау облыстық филиалы «Жайық тағдыры–халық тағдыры» деген атпен экологиялық іс-шара ұйымдастырды. https://www.youtube.com/embed/2M3yFn1aYE0 Мамандардың зерттеуі бойынша еліміздің батыс бөлігіндегі екі облысты басып өтетін, көлемі жағынан Еуропа бойынша үшінші орында тұрған Жайық өзені экологиялық апатқа ұшырауда. 2019 жылы өзен суының ластануы ең соңғы - бесінші деңгейге жеткен. "Біз Жайық өзенінің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайына билік өкілдерінің және қоғамның назарын аударту мақсатында өзенінің жағасын қоқыстан тазалау акциясын өткізіп жатырмыз. Себебі, Жайық тағдыры – өзен бойын жағалай қоныстанған халық тағдыры" - деді ЖСДП-ның Атыраудағы басшысы Нұрайнаш Камалова. Жайық суының деңгейі жыл сайын азайып келуде. Өзен суының таязданып, тартылғаны соншалық, кей жерлерде аралдар пайда бола бастаған. Сонымен қатар өзеннің өндіріс қалдықтарымен ластануы, судағы балықтардың қырылуы жұртшылықты алаңдатып келеді. "Талай ғасырлық тарихтың куәсі болған Ақ Жайықты келешек ұрпақ үшін сақтау біздің парызымыз" - деп дабыл қағуда ЖСДП мүшелері. Сонымен қатар партия белсенділері жергілікті билікке Жайықтың экожүйесін жақсартып, ластануын тоқтатып, өзен суының көлемін арттыру үшін мемлекеттік деңгейде ғылыми комиссия құрып, өзенді зерттеу жөнінде көлемді жұмыстар жасалуын талап етті. ...
Read More

ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжановтың мәлімдемесі

Бүгінгі таңда короновирус індетін жұқтырғындар саны 35 екені анықталды. Бұрын біз әлемде болып жатқан түрлі апаттарды тек сырттай бақылап келдік. Оларды талқылап, әлдебір түпкі себептері мен салдарларын іздедік, сондай астан-кестен өзгерістерді әлем тұтқасын ұстаған алпауыттар өз пайдасына айналдыруы ықтималдығын сараладық. Ал енді Қазақстан мен оның халқы әр адамның өміріне қауіпті COVID-19 вирусымен бетпе-бет келді. Бұл жұқпалы аурудың алдында жас пен кәрі, бай мен кедей, шенеунік пен азаматтық белсенді барлығы тең. Мен және партия белсенділері COVID-19 вирусының пандемиясымен күресу үшін мемлекет жариялаған Төтенше жағдайдың қажеттілігін толықтай түсінеміз. Қазақстанда бұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Вирустың таралуын азайту және оның келеңсіз салдарларын тежеу үшін белгілі бір шаралар жүргізіліп, оны тоқтатудың амалдары жасалып жатыр. Біз бәріміз бұл шаралардан оң нәтиже күтудеміз. Бірақ, егерде әрбір қазақстандық өзінің осы іске ортақтастығын көрсетпесе, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Кез келген саналы әрекеттің көрініс табуы, жақындарына көмек көрсету, жай ғана басқаларға дұрыс жөн сілтеу – бұл вируспен күреске қосылған үлес болып шығады. Барлық азаматтарды үрейге бой алдырмай өзінің отандастарымен тізе қоса қимылдауға...
Read More

ЖСДП ПОЗИЦИЯСЫ

Қазақстан-Қытай шекарасын кесіп өткен және Қазақстаннан саяси баспана сұраған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісінде күрделі, шимай-шатпағы көп жағдай қалыптасты. Қазіргі кезеңде тергеу амалдары аяқталып, алдағы уақытта істі сотта қарайды. Қазақстанның қолданыстағы заңы бойынша тергеу мен сотқа ешкімнің араласып, қысым көрсетуіне жол берілмеуі тиіс. Алайда мемлекеттік органдардың кейбір өкілдері соттың алдағы ісін еркін түсіндіріп, істің қалай шешілуіне әсер етуге әрекет жасады. Қастер мен Мұрагерді соттағы дау-дамай күтіп тұр. Біз, Сотты істі Қазақстан ратификациялап қол қойған құжаттардағы халықаралық қағидалар мен нормаларды сақтай отырып, объективті және риясыз қарауға шақырамыз. ЖСДП бұл істі бақылауға алады деп мәлімдейміз! ...
Read More