ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжановтың мәлімдемесі

Бүгінгі таңда короновирус індетін жұқтырғындар саны 35 екені анықталды. Бұрын біз әлемде болып жатқан түрлі апаттарды тек сырттай бақылап келдік. Оларды талқылап, әлдебір түпкі себептері мен салдарларын іздедік, сондай астан-кестен өзгерістерді әлем тұтқасын ұстаған алпауыттар өз пайдасына айналдыруы ықтималдығын сараладық. Ал енді Қазақстан мен оның халқы әр адамның өміріне қауіпті COVID-19 вирусымен бетпе-бет келді. Бұл жұқпалы аурудың алдында жас пен кәрі, бай мен кедей, шенеунік пен азаматтық белсенді барлығы тең. Мен және партия белсенділері COVID-19 вирусының пандемиясымен күресу үшін мемлекет жариялаған Төтенше жағдайдың қажеттілігін толықтай түсінеміз. Қазақстанда бұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Вирустың таралуын азайту және оның келеңсіз салдарларын тежеу үшін белгілі бір шаралар жүргізіліп, оны тоқтатудың амалдары жасалып жатыр. Біз бәріміз бұл шаралардан оң нәтиже күтудеміз. Бірақ, егерде әрбір қазақстандық өзінің осы іске ортақтастығын көрсетпесе, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Кез келген саналы әрекеттің көрініс табуы, жақындарына көмек көрсету, жай ғана басқаларға дұрыс жөн сілтеу – бұл вируспен күреске қосылған үлес болып шығады. Барлық азаматтарды үрейге бой алдырмай өзінің отандастарымен тізе қоса қимылдауға...
Read More

ЖСДП ПОЗИЦИЯСЫ

Қазақстан-Қытай шекарасын кесіп өткен және Қазақстаннан саяси баспана сұраған Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісінде күрделі, шимай-шатпағы көп жағдай қалыптасты. Қазіргі кезеңде тергеу амалдары аяқталып, алдағы уақытта істі сотта қарайды. Қазақстанның қолданыстағы заңы бойынша тергеу мен сотқа ешкімнің араласып, қысым көрсетуіне жол берілмеуі тиіс. Алайда мемлекеттік органдардың кейбір өкілдері соттың алдағы ісін еркін түсіндіріп, істің қалай шешілуіне әсер етуге әрекет жасады. Қастер мен Мұрагерді соттағы дау-дамай күтіп тұр. Біз, Сотты істі Қазақстан ратификациялап қол қойған құжаттардағы халықаралық қағидалар мен нормаларды сақтай отырып, объективті және риясыз қарауға шақырамыз. ЖСДП бұл істі бақылауға алады деп мәлімдейміз! ...
Read More

ЖСДП баспасөз қызметінің мәлімдемесі

Соңғы кездері, мессенджерлер арқылы авторы белгісіз «Президентке ашық хат!» деген ақпарат таратылып жатыр. Сол хатта бірқатар саяси және қоғам күштерінің қолы қойылған, соның ішінде біздің партия да бар. Аталмыш хатқа қатысты біздің партияға хабарласып, қолдауымызды ешкім сұрамаған болатын, сол себепті президентке жазылған хатқа ЖСДП-ның еш қатысы жоқ екендігін ресми түрде мәлімдейміз. Соңғы кездері, мессенджерлер арқылы авторы белгісіз «Президентке ашық хат!» деген ақпарат таратылып жатыр. Сол хатта бірқатар саяси және қоғам күштерінің қолы қойылған, соның ішінде біздің партия да бар. Аталмыш хатқа қатысты біздің партияға хабарласып, қолдауымызды ешкім сұрамаған болатын, сол себепті президентке жазылған хатқа ЖСДП-ның еш қатысы жоқ екендігін ресми түрде мәлімдейміз. Біздің ойымызша, бұл хатта көбінесе дұрыс және өзекті мәселелер көтерілген, дегенменде бұндай құжаттарды қарапайым да, қолдау жайлы ашық келісу процедурасы бар екенін ойдан шығармаған дұрыс. Осындай жағдайлардың қайталанғаны бірінші рет емес. Партия барлық демократиялық бағыттағы ұйымдармен және қоғам белсенділерімен келіссөз жүргізуге, сонымен бірге социал-демократиялық ұстанымға қайшы болмаған жағдайда, бірігуге ашық екенін әрдайым мәлімдейтін. Сонымен қатар, ЖСДП әрдайым демократиялық принциптерді және ішкі нормативті құжаттарды ұстанады,...
Read More

ЖСДП Саяси кеңесінің ҚАРАРЫ

Елімізде маңызды саяси өзгерістер болып жатыр. Олардың маңыздылығы артып, анық байқалуы биліктік қатынастарға ғана емес Қазақстан халқының болашағына да әсер етеді. Соның ішінде демократиялық институттардың белгілі бір алғышарттары пісіп-жетілуде. Саяси партия құру, бейбіт жиындар өткізу, әділ сайлау құқығы сияқты азаматтардың Конституциялық құқықтарының мәселелері объективті түрде алдыңғы орынға шықты. Жұртшылықпен тізе қоса қимылдаудың көптеген түрлерін қолдануда, партия құрлысын жасауда ұзақ жылғы тәжірибесі бар ЖСДП, Қазақстанның жан-жақты дамуының мәселелерін қоғаммен бірге талқылауға, қоғаммен тізе қоса қимылдау тәжірибесін ұсынуға дайын. Біздің партия, мәселелердің шешілуін, бұған Азаматтық қоғамның барлық жіктерінің барынша қатыстырылуына, іс жүзінде билік пен жалпыұлттық конструктивті, кеңейтілген диалог орын алған жағдайда ғана жүзеге асатынын толықтай түсінеді. Бар күшімізді салып осыған ықпал етуге дайынбыз. Тарих табиғи жолмен жаңарып отыр, көз алдымызда билікте де, қоғамдық пікір көшбасшылары арасында да саяси буындардың алмасуы жүріп жатыр. Бұл процесстер ЖСДП партиясында да жүрді, соңғы айларда ЖСДП-ның басшылық құрамында және тұтас кадрлық құрамында салмақты өзгерістер болды, осыған сәйкес партия құрылымы біршама жетілдірілді, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістері анықталды. Осыны негізге...
Read More