«Көкең» болмаса, тартып алады

«Көкең» болмаса, тартып алады

Қазір Қазақстандағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) хал-күйі қалай? Шынын айтсақ, тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бастап біз ШОБ-ті қолдау және дамыту туралы жағымыз талғанша айтып келеміз, бірақ ештеңе өзгерген жоқ. Керісінше, ахуал бұрынғыдан да нашарлап барады. Жалаң сөз, құрғақ уәде Бизнесті дамытуға қатысты көптеген құжаттар қабылданып, жоспарлар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Шенеуніктер қайда барса да, кәсіпкерліктің жетістіктері туралы көпірме сөз айтудан жалықпайды. Барлық деңгейдегі әкімдіктер мен министрліктерде бизнесті дамыту жөніндегі басқармалар мен департаменттер құрылып, орасан зор квазимемлекеттік құрылымдар қалың ұйқыға батып, біздің еліміздегі «бизнестің өркендеу дәуірін» түсінде көріп жатыр. Елге пайдасы жоқ ондаған мың шенеунік кеңселерде қағаз «кеміріп» отыр. Шындығына келсек, парламент те халыққа пайдасы жоқ бизнесті дамытуға қатысты қандай да бір заңдар қабылдауда. Барлық осынау бағдарламалар, жоспарлар және құрылымдар үшін тәуелсіздік жылдарында бюджеттен жүздеген миллиард теңге бөлініп, табысты «игерілген». Ал бірақ «баяғы жартас – сол жартас». Нәтижесі – нөл. Мемлекет дамымаған соң, бизнес те құлашын кеңге жая алмады. Біздің биліктің одан әрі не істеу керегін, қалай істеуді, қай бағытқа қадам жасауды білмейтініне...
Read More