
Қаржы пирамидасынан зардап шеккендерді қолдауға байланысты
ЖСДП АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Осы жылдың көктем айларында мыңдаған азамат өңір аумағында қызмет еткен қаржы ұйымдарының қызметі салдарынан зардап шекті. Жоғары пайыздық үстемемен төлемақы берумен айналысқан бірнеше қаржылық ұйым өз жұмыстарын ашықтан ашық жүргізіп, көптеген салымшыларды тартты. Жоғары пайыздық үстемені алу үшін көптеген салымшылар несие алып, үйлерін, көліктерін осындай қаржы ұйымдарына өткізді. Нәтижесінде ол ұйымдар полиция тарапымен жабылып, кейіннен бұл ұйымдар «қаржылық пирамида» құрумен айналысқандар боп шықты. Қаржылық пирамида ұйымдарының кейбір жетекшілері құрықталып, қылмыстық іс қозғалған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, салымшылар шамамен 5 млрд теңгеге зардап шеккен.
«ЖСДП» Ақтөбе облыстық филиалы қаржылық пирамида ұйымдарының қызметін дер кезінде құрықтай алмаған жергілікті уәкілетті құқық қорғау органдарының қызметіне сыни көзқараста. Атқарушы билік өз азаматтарын алаяқтардың арбауынан сақтап қалу үшін дер кезінде тиімді шара қолдана алмады. Жергілікті билік тарапынан осы мәселені шешуге тапсырма берілгенімен, құқық қорғау органдарынан әлі де болса мардымды нәтижелер көрінер емес. Партия филиалы бір топ зардап шеккен азаматтармен өз жұмыстарын жүргізуде және олармен байланыста.
Соған орай, «ЖСДП» партиясының жергілікті филиалы билік пен құқық қорғау...